back-image
Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің "Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің "Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі" КММ
«Жас келсе- іске»
17-01-2023 23:48
«Жас келсе- іске»

«Жас келсе- іске»
Мектеп-лицейіміз жыл сайын жас мамандармен толығып келеді. Биылғы оқу жылында келген үш жас маманға тәжірибелі ұстаздардан тәлімгер сайланып, арнаулы жоспар құрылып, бекітілді. Жас мамандардың ұжымда тез бейімделе алуына назар аударылды. Сонымен қатар, 6 қаңтар күні жұмысқа алғаш кіріскен жас мұғалімдерімізге педагогикалық , психологиялық , әдістемелік қолдау көрсету мақсатында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары: Жолшибекова Урхия Турганбековна, Култасова Агайша Жарылкасыновна «Жас келсе - іске» атты семинар өткізді. Семинар барысында мұғалім мен оқушы қарым-қатынасы, ұстаз этикасы, педагогикалық техника, оқушының назарын қалай сабаққа аударамыз? атты мәселелер талқыланып, оның дұрыс шешімі және басқа да түрлі жағдаяттар берілді. Семинарға қатысқан жас мамандар өз қоржындарына әдістемелік мол дүние алғандарын айтып, риазшылықтарын білдірді.

@shahtinsk_obrazovanie

Новости