ҰБТ-ға дайындық

Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейінде жаңа оқу жылының басында 9- сыныптарды ББЖМ-ға, 11-ші сыныптарды қорытынды аттестаттауға, ҰБТ-ке дайындау мақсатында арнайы жоспар құрылып, бекітілген. Құрылған жоспар бойынша 9-сыныптардан айына бір рет, 11-сыныптардан айына екі рет тест алынып, жіберілген қателіктерге талдау жасалынып отырылады. 07.02.2023 мектеп оқушыларынан кезекті тест алынды. Тесттің қорытындысы шығарылып, әдістемелік отырыста қарастырылды.