back-image
Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің "Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің "Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі" КММ
Ағылшын тілі бойынша оқушылардың білім сапасын анықтау
19-02-2023 22:24
Ағылшын тілі бойынша оқушылардың білім сапасын анықтау

Әлихан Бөкейханов атындағы мектеп-лицейінде 5 «Б», 6 «А» сыныптарында ағылшын тілі пәні бойынша оқушылардың білім сапасын анықтау жұмыстары және 4-сынып оқушыларының ағылшын тілі бойынша сөздік қор дәрежесін анықтау жұмыстары жүргізілді.

Мақсаты: ағылшын тілі пәні бойынша оқушылардың білім сапасын анықтау,сөздік қор дәрежесін тексеру.

Міндеті:
-Оқушылардың тақырыпты қалай меңгергендіктерін анықтау;
-Оқушылардың cөздік қорын молайту, ағылшын тілі дәрежесін дамыту;
-Жүйелі жүргізілетін тест жұмысы арқылы тестіленушінің білімін, біліктілігін дұрыс  бағалау.
-Оқушының өз білім деңгейін, теориялық жағынан қай тақырыпты қалай меңгергендігін көрсету.

5, 6-сыныптардан тыңдалым және грамматика бойынша 25 сұрақтан тұратын тест жұмысы алынды. 4-сыныптарда өтілген модуль бойынша 40 сөз 20 айтылым және 20 тыңдалым бойынша оқушылардан сөздік қор алынды. Сондай-ақ ағылшын тілі пәні мұғалімдері арасында, мектебіміздің директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының қатысуымен оқушылардың нәтижелері талқыланды.

@shahtinsk_obrazovanie

Новости