back-image
Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің "Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі" КММ
Организации> Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің "Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі" КММ
"Құқықтық навигатор" құқықтық сауаттылық апталығының бесінші күні
17-02-2023 22:36

Қарағанды облысы білім басқармасының білім беруді дамыту оқу әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Ә.Бөкейханов атындағы мектеп лицейінде "Құқықтық навигатор" құқықтық сауаттылық апталығының V күні өз мәресіне жетті.

Мақсаты: Бала құқығының қорғалуын қамтамасыз ету; Жасөспірімдерге өз құқықтары мен міндеттерін таныстыру, құқықтық танымын кеңейту.
"Әдепті бала" құқықтарының әліппесі аясында әр сыныпта бала құқықтары туралы фильмдер мен видеороликтер көрсетілді.
Лицей психологтары Сейтбанова Ж.М., Жұмағұл Д.С. 8-9сынып оқушыларымен "Эмоцианалды интеллект" тақырыбында тренинг жүргізді.

Мақсаты: Өмір сырын түсіну, өз құқығы мен өмір сүру жолдары туралы өзіндік орнын, өмірлік бағдарын басқару, дамыту. Ойлау, пайымдау, шешім қабылдау.
8 сыныптар арасында "Мен- болашақ президент" іскерлік ойыны өткізілді. Мақсаты: оқушылардың көшбасшылық қабілетін дамыту, іскерлік бейімділігін нығайту.
"Отбасындағы баланың құқығы", "Отбасы - қауіпсіздік аумағы. Балаңызды қалай түсінуге болады?" атты ата-аналар жиналысы өткізілді.
Оқушылар арасында "Менің құқығым бар" эссе байқауында
Салыкбаева Ж. 1-орын, Рахымберлина Г. 2-орын ие болды.

@shahtinsk_obrazovanie
@umckrg

Новости