back-image
Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің "Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің "Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі" КММ
«Құқықтық навигатор» атты құқықтық сауаттылық апталығының үшінші күні
16-02-2023 23:27
«Құқықтық навигатор» атты құқықтық сауаттылық апталығының үшінші күні

Қарағанды облысы білім басқармасының білім беруді дамыту оқу әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейінде 15 ақпанда «Құқықтық навигатор» атты құқықтық сауаттылық апталығының үшінші күнінде мынадай іс-шаралар өткізілді.

8-9 сынып оқушыларына мектеп инспекторларының ұйымдастыруымен «Құқықтық экскурсиялар» өткізілді. Оқушылар заңды ұйымдарға экскурсия жасап, оларға құқық бұзушылықтың алдын алуы, құқық бұзушылықты болдырмау, тәртіп сақтау ережелері туралы біраз ақпараттар беріліп, мұражайларға экскурсия жасады. Кәсіптік бағдар беру бойынша тергеуші және т.б. мамандықтармен оқушыларды таныстырды.

Сонымен қатар, 9 сынып оқушылары арасында «Менің азаматтық құқықтарым» тақырыбында іскерлік ойындар өткізілді. Оқушылар белсенді қатысып, өз ойларын еркін жеткізе білді.

2-4 сынып оқушылары арасында «Эмоцияны басқару әдістері» тақырыбында танымдық ойындар өткізілді.

Мақсаты: Оқушыларға эмоция мен сезім адамның айналадағы өмір шындығына тигізер әсері туралы түсінік беру және эмоция мен сезімдерді қалай басқаруға болатынына үйрету. Оқушылар белсене қатысқан жаттығулардың бірі «Менің эмоцияларым» жаттығуы болды. Оқушылар шынайы эмоцияларын көрсетіп, керемет көңіл-күйде болды.

@shahtinsk_obrazovanie
@umckrg

Новости