
Қарағанды облысы білім басқармасының білім беруді дамыту оқу әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Әлихан Бөкейханов атындағы мектеп-лицейінде 14 ақпанда «Құқықтық навигатор» атты құқықтық сауаттылық апталығының екінші күні өтті.
Мақсаты: Отанымызды сүюге, Қазақстан Республикасының рәміздерін қастерлеуге, халқының тегін, тарихын білуге, туған елімізге адал қызмет етуге тәрбиелеу. Соған орай мектебімізде бірқатар іс-шаралар өтті:
1-11 сыныптарда "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері» атты тәрбие сағаты өтті.
5-6 сыныптар арасында "Оқушының құқықтары мен міндеттері" кітаптар бойынша саяхат жүргізілді.
5-7 сынып оқушылары арасында " Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері " бойынша тест алынды.
8-10 сыныптардың арасында «Бұл палата балаларды басқа әлеуметтік мәртебедегі отбасына жүгіну арқылы бір жылға басқарады» атты дебат сайысы өткізілді. Балалар тартыса қатысып, қызығушылықпен белсене қатысты.
10-11 сынып оқушылар арасында "Менің құқығым бар" атты эссе жазды, оқушылар эссе жазды.
Қорыта айтқанда, оқушыларды еліміздің рәміздерін құрметтеуге, тәуелсіздікті бағалауға және өз құқығын білуге іс-шаралар бағытталды.
@obb_qaragandy
@umckrg
@shahtinsk_obrazovanie