«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында, оқырмандық сауаттылықты насихаттау, кітап оқуға деген сүйіспеншілікті ояту, оқырмандардың қызығушылығын дамыту және тіл мәдениетін арттыру мақсатында, лицейімізде «Афиша» әдеби кештер күні ұйымдастырылып, лицей мұғалімдерінің қатысуымен А.Байтұрсынов «Кісі мен аю» және Ы. Алтынсарин «Баланың айласы» шығармалары бойынша театрландырылған көріністер қойылды. Ұстаздар театрландырылған оқу арқылы шығарманың мазмұнын оқушыларға ерекше түрде жеткізіп, оқырмандық сауаттылықтарының артуына септігін тигізді.
@shahtinsk_obrazovanie
«Оқуға құштар мектеп» жобасы