back-image
Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің "Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі" КММ
Организации> Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің "Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі" КММ
«Медицинаға қадам»
10-02-2023 17:43
«Медицинаға қадам»

Білім бөлімі мен орталық аурухана «Медицинаға қадам» облыстық жобасын іске асыру аясында «Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицей» КММ оқушылардың кәсіби бағдарлануын қамтамасыз ету және медициналық сынып ашу мәселелері бойынша өзара ынтымақтастық және әлеуметтік әріптестік туралы Меморандумға қол қойды.
Меморандум шеңберінде медициналық сынып оқушыларына мынадай кәсіптік бағдар беру жұмыстары жүргізіледі: Денсаулық сақтау ұйымдары бойынша экскурсиялар, медициналық кабинеттерге кіру, медициналық жабдықтармен танысу, оқушылардың дәрігерлермен және медициналық персоналмен кездесулері, алғашқы медициналық көмек көрсету негіздеріне оқыту, жедел жәрдемнің қабылдау бөлмесінің жұмыс жүйесімен танысу.
Айта кету керек, қазіргі уақытта Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі медициналық сыныптың жұмысы аясында айтарлықтай жұмыс жүргізуде. Бұл жұмыстың негізгі мақсаты – балаларды медициналық оқу орындарына түсуге ынталандыру.

@obb_qaragandy
@gulsimkozhahmetova
@umckrg
@bahyt_himaldin
@shahtinsk_obrazovanie
@onsovich_nikola

Новости