back-image
Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің "Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі" КММ
Организации> Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің "Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі" КММ
"Цифрлық әлем" компьютерлік және ақпараттық сауаттылықты дамыту апталығының 4-күні
09-02-2023 18:40

Қарағанды облысының білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейінде 2023 жылдың 9 ақпан күні "Цифрлық әлем" компьютерлік және ақпараттық сауаттылықты дамыту апталығының 4-күні 8«В» сыныбында «While циклі» тақырыбында Есмаганбетова Н.С., 10А-сыныбында HTML мәтінді форматтау Сейтпанова Н.М., 4Б сыныбында «Презентацияға арналған ақпарат» тақырыбтарында Қайдарова А.А., ашық сабақ өткізді. Мақсаты: Оқушылардың цифрлық сауаттылығын арттыру; Информатика пәніне деген қызығушылығын қалыптастыру; Оқушыларға топпен жұмыс жасауда бір-бірін сыйлауға тәрбиелеу.

Ашық сабақтарда түрлі әдіс-тәсілдермен ресурстар қолданылды. Оқушылар сабаққа белсене қатысты.
Сонымен қатар 3-5 сыныптар арасында «Интернет және оның қауіптілігі» компьютерлік сурет байқауы, 6-8 сыныптарда «Мен және әлеуметтік желілер» фотоколлаж сайысы, 5-сыныптарда «Пернетақтамен мәтін теру жарысы» өткізілді. Мақсыты оқушыларға сауатты сурет салуды үйрету; Сурет салудың заңдылықтарына баулу; Оқушыларға интернет туралы толық ой қалыптастыру; Оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу; Жылдамдыққа үйрету;
Оқушылар А4 форматында салынған суреттерімен фотоколлаждарын ұсынып, ең ұздік жұмыс жасаған оқушылар марапаттарға ие болды.

@obb_qaragandy
@umckrg
@shahtinsk_obrazovanie

Новости