back-image
Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің "Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің "Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі" КММ
"Цифрлық әлем" компьютерлік және ақпараттық сауаттылықты дамыту апталығының 3-күні
08-02-2023 18:56

Қарағанды облысының білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейінде 2023 жылдың 8 ақпан күні "Цифрлық әлем" компьютерлік және ақпараттық сауаттылықты дамыту апталығының 3-күні 3-сыныптарда «Көңілді викторина»,«Кім жылдам» 6-сыныптар арасында «Информатика еліне саяхат» сынды тақырыптарда ойын түріндегі сабақтар өткізілді.

Мақсаты: Оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру; Жылдамдықпен жұмыс жасауды үйрету; Оқушыларды топпен жұмыс жасауда, бір-бірінің пікірін тыңдауға тәрбиелеу;
Нақтылап айта кетсек оқушылар заманауи бағдарламалардың көмегімен көңілді батырмалар, аквариум, адасқан сөздер, кім жылдам, тосын сый сынды түрлі әдіс-тәсілдермен тапсырмалар орындады. Оқушылар тапсырмаларды аса қызығушылықпен орындады. Сабақтың соңында жоғары ұпай жинаған оқушылар марапаттарға ие болды.

@obb_qaragandy
@umckrg
@shahtinsk_obrazovanie

Новости