back-image
Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің "Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі" КММ
Организации> Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің "Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі" КММ
Химия пәнін оқытуда зертханалық жұмыстың маңызы
07-02-2023 23:57
Химия пәнін оқытуда зертханалық жұмыстың маңызы

Химияны оқытуда зертханалық жұмыс маңызды рөл атқарады. Бұл алған теориялық білімді тәжірибеде қолдануға мүмкіндік береді, оқушылардың бақылау дағдыларын және аналитикалық ойлау қабілетін дамытады. Бұл сонымен қатар ҰБТ дайындалуға көмектеседі, өйткені эксперименттерді орындау барысында оқушылар деңгейлік тапсырмалар орындайды әрі тәжірибенің мәнісін терең түсінеді. Оқу лабораторияларында оқушылар теоретикалық білімдерін толықтырып, химиялық жабдықтар мен қондырғыларда жұмыс істеуге үйренеді. Аталған іс-шараларға орай біздің Ә. Бөкейханов атындағы мектеп-лицейінде оқушылардың химия пәніне деген қызығушылығын, сапа көрсеткіштерін арттыру мақсатында тәжірибе жұмыстары ұдайы жүргізіледі.
Зертханалық жұмыстар жүргізу оқушылардың бұл дағдыларын өмірде қолдануға да игі әсерін тигізеді. Мәселен, мектепшілік «Гидропоника» тәжірибелік жобасы арқылы өсірілген өсімдіктерден химиялық өнімдер жасауға мүмкіндік алады. Дәлел ретінде қарастырсақ оқушылар сол өсімдіктерден сұйық сабын сияқты түрлі тұрмыста қолданылатын өнімдер жасады. Зертханалық жұмыстың тағы бір ерекшелігі табиғатта кездесетін түрлі элементтерге тәжірибе жасау арқылы өзгерістер енгізе алады.

@shahtinsk_obrazovanie

Новости