Қарағанды облысының білім басқармасы, білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2023 жылғы 20-24 ақпан аралығында лицейімізде «Дені саудың-жаны сау» атты дене шынықтыру апталығынның үшіншікүні өтті.
Іс-шараның мақсаты:
Дене шынықтыруды қалыптастыру, бұқаралық спортты дамыту, ашық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу арқылы педагогтар мен оқушылардың кәсіби шеберлігін жетілдіру болып табылады.
2023 жылдың 22 ақпанында дене шынықтыру апталығы аясында: Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Жукенова Ж. А. волейбол ойын техникаларын дамыту тақырыбында ашық сабақ өткізді. Бастауыш сынып мұғалімдері 1-4 сыныптар арасында «Сабақтағы және үзілістердегі қозғалмалы ойындар» тақырыбында дәрістер өткізді. 5-9 сыныптар арасында «Салауатты өмір салтын қалыптастыру» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Мини-футболдан 8-9 сыныптар арасында жарыс өтті. 10-11 сынып оқушылары арасында волейбол жарысы ұйымдастырылды.
@shahtinsk_obrazovanie
@umckrg
«Дені саудың-жаны сау» атты дене шынықтыру апталығынның үшінші күні