
«Сабақты зерттеу – мұғалімнің уәжін арттыру құралы» атты коучинг
3-ақпан күні мектеп-лицейімізде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары: Жолшибекова Урхия Турганбековна және Култасова Акайша Жарылкасыновна мұғалімдер арасында «Сабақты зерттеу – мұғалімнің уәжін арттыру құралы» атты коучинг өткізді. Коучинг барысында Lesson Study-дің мұғалімдер тәжірибесі саласындағы білім жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық педагогикалық тәсіл екендігі, Lesson Study-ді жоспарлау, оқыту, қадағалау, оқыту мен оқуды талдау, өз қорытындыларын тұжырымдап, құжаттарды бірлесіп жүзеге асыру т.б. жан-жақты талданды.
@shahtinsk_obrazovanie