
Ерекше білім беруді қажет ететін оқушылармен 27 ақпан мен 27 наурыз аралығында өткізілетін бір айлық жоспар бойынша 20 наурыз күні Аубәкір Ысмаилов атындағы балалар көркемсурет мектебіне саяхат ұйымдастырылды.
Экскурсияның мақсаты: оқушыларды көркемсурет мектебі мұғалімдерінің қызметімен, оқушылардың жұмысымен таныстыру болды. Балалардың назары өнер түрлерінің алуан түрлілігіне аударылды. Балалар кескіндеме жанрларымен де танысты: портреттер, натюрморттар, пейзаждар. Сонымен қатар оқушылардың сабақтары өтетін аудиторияларға барды.Экскурсиядан кейін балалар өнер мектебінде оқуға ниет білдірді.
@shahtinsk_obrazovanie