Халқымыз қыз баланы кішкентайынан мәпелеп, аялап, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай өсірген. Жалғандағы нәзіктік пен пәктікті, инабаттылықты бойына сіңіріп өсірген. Салауатты өмір салтын қалыптастыру және жасөспірімдер арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында 8-11 сыныптың оқушы қыздарына «Ерте жүктіліктің алдын алу», “Жеке бас гигиенасы” тақырыбында дәріс өткізілді.
Дәрісті Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы “Шахтинск қаласының ауруханасы” КММ өкілдері дәріс оқыды. Іс-шара барысында қазіргі қоғамдағы қыз баланың өмірі, денсаулығына байланысты сұрақтар қойылып, жауаптар алынды. Аталған дәріске 8-11 сыныптардан 75 қыз бала қатысты.
@bilimshahtinsk
#біртұтас_тәрбие
Салауатты өмір салтын қалыптастыру және жасөспірімдер арасындағы мәселелер