Әлихан Бөкейханов атындағы мектеп-лицейінде «Ғылым және технология» атты жаратылыстану – ғылыми сауаттылық апталығының 09.сәуір күні 7«Б» сыныбында химия пәнінен «Қоректік заттардың құрамын анықтау. 4 практикалық жұмыс» тақырыбында ашық сабақ өтті.
Сабақтың мақсаты: оқушылардың химия пәніне деген қызығушылықтарын арттыру, оқушылардың ойлау қабілетін дамыта отырып, шығармашылық ізденіске баулу.
Сабақта оқушылардың интеллектуалдық дағдысын арттыру үшін «Bilim Land», «LearningApps», «Жедел хат» сияқты әр түрлі интернет ресурстарын қолдана отырып, оқушылардың қызығушылығын арттырды. Оқушылар тәжірибе жасау арқылы химия пәні бойынша білімдерін дамытты.
@bilimshahtinsk
#біртұтас_тәрбие
«Ғылым және технология» атты жаратылыстану – ғылыми сауаттылық апталығы