
2024 жылдың наурыз айында Шахтинск қаласының білім бөлімі мен Шахтинск қаласының ауруханасы арасында жасалған бірлескен жұмыс жоспарын іске асыру аясында мектеп-лицейіміздің медициналық сынып оқушылары қалалық емхананың санитарлық медициналық алғашқы көмек көрсету жұмыс бабымен танысып өтті.
Экскурссия кезінде оқушылар жұмыс тәртібімен, қолданылатын аппараттармен танысты. Саяхат қызықты, әрі пайдалы болды.
Жобаның мақсаты: Жұмыс берушілердің сұранысының және мамандардың құзыреттеріне қойылатын жаңа талаптарды ескере отырып, оқушыларды сұранысқа ие мамандықтармен таныстыру; Медицина саласындағы мамандықтарды меңгеруге білім алушыларды ынталандыру; Білім алушыларда оқу және өмір сүру үшін қажетті кәсіптік дағдыларды қалыптастыру.
@bilimshahtinsk
#біртұтас_тәрбие