back-image
Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің "Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі" КММ
Организации> Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің "Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі" КММ
20 наурыз – Ұлттық спорт күні
20-03-2024 11:30
20 наурыз – Ұлттық спорт күні

20 наурыз – Ұлттық спорт күні

Бүгін Наурызнаманың онкүндігіне сәйкес, 20 наурыз ұлттық спорт түрлері ұлықталатын күн. Соған орай лицейімізде 5-11 сыныптар арасында ұлттық спорт түрлері бойынша спорттық іс-шаралар өткізілді.

 Жарыстың мақсаты: мектеп   оқушылары арасында ұлттық ойын түрлері туралы түсініктерін кеңейту, ұлттық спорт ойындарына деген қызығушылықтарын арттыру болмақ.

Ұлттық спорт түрлері еліміздің брендіне айналған. Қазақ халқы ежелден барлық мерекеде жарыс ұйымдастырған. Елімізде бәйге, көкпар, аударыспақ, жамбы ату, теңгеге ілу, құсбегілік және тоғызқұмалақ, асық ату, садақ тарту турнирлері сияқты ұлттық спорт түрлері тез танымал болып, көпшіліктің қызығушылығын оятуда.
Осы ойындарды тамашалау арқылы көпшілік халқымыздың салт-дәстүрімен де таныса алады.  

Біздің ұлттық спортымыз – тек сайыс пен жарыс емес, онда көшпелі тұрмыстың рухы бар. Ұлы Далада күш-қайрат, ептілік, өзін-өзі кемелдендіруге ұмтылыс, жақындарына тіреу болу қабілеті өмір сүру мен дамудың кілті саналған.

@oqu_agartu_ministrligi
@salauatty_kazakhstan
@obb_qaragandy
@umckrg
@bilimshahtinsk

Новости