Наурыз мейрамы — ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуге, соның ішінде сан ғасырлардан бері нақышын жоғалтпай сақталып келе жатқан ұлттық киімдерімізді жұртқа паш етуге тамаша мүмкіндік.
Мектеп-лицейімізде наурыз қарсаңында “Ұлттық киім күні” ұйымдастырылды.
Мақсаты: ұлттық құндылықты насихаттау, қазақтың салт-дәстүріндегі ұлттық өнегені оқушылар бойына дарыту, елге, жерге, ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілік сезімін оятып, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Ұлттық стильдегі әр түрлі әрлендірген барқыт камзолдар, шапандар, сырма кеудешелер, ұзын кәжекейлер, ұлттық бас киімдер, ұлттық ою-өрнекті білезіктер мен сырғалар тағып, жас ұрпақтың ұлттық әшекейлерге қызығушылығы артыру.
@bilimshahtinsk
#біртұтас_тәрбие #наурызнама
“Ұлттық киім күні”