
14 наурыз елімізде Наурыз мейрамының басы - Көрісу күні. Бұл күнді амал мерекесі деп те айтады. Халық қыстан аман-есен шыққанына, көктемге аяқ басып, туған-туыс, көршілерімен жүздескеніне қуанып, қол алысып, төс қағысады. Бір-біріне деген өкпе-реніш, араздықты ұмытып, амандық тілеседі.
????Амал мерекесін ұлықтау мақсатында Қазақ ұлттық “Парасат” әжелер орталығында оқушылармен кездесу ұйымдастырылды. Амал мерекесінің маңызы, Наурыз мерекесінің тарихы жайлы айтылып, Ұлттық қолөнер бұйымдарымен танысты.
@bilimshahtinsk
#біртұтас_тәрбие