08 қыркүйек күні мектеп- лицейімізде Қазақстан халқының тілдері мерекесіне орай «Ұшқыр ой мен шешен тіл» атты жас блогерлер арасында КВЕСТ ойыны ұйымдастырылды.
Ойын барысында
қатысушылар өз мүмкіндіктерін ашатын 4 аялдамаға тоқталып, түрлі тапсырмалар орындады. Аялдамалар: «Қазынаны тап», «Шешендік өнер», «Кім тапқыр?», «Шеберлік». Әр аялдамада лабиринт, сөзжұмбақ, квест тапсырмаларын шешу арқылы негізгі тапсырмаларға өту мүмкіндігі ұсынылды.
Қатысушылар білімдері мен біліктерін тәжірибеге негіздеп, қолдана білді. Ойын қорытындысы бойынша Хамитова О.Т., Калаубаева Д.М., Амангелді Д.Қ. жүлделі орынға қол жеткізді.
@shahtinsk_obrazovanie
Қазақстан халқының тілдері мерекесіне орай «Ұшқыр ой мен шешен тіл» атты жас блогерлер арасында КВЕСТ ойыны ұйымдастырылды