
«Жетістік формуласы» – табыс кепілі
15 қыркүйек «Жетістік формуласы» жобасының аясында Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейдің директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары: Жолшибекова У.Т., Култасова А.Ж. және мектеп психологі Сейтпанова Ж.М. тәжірибе алмасу мақсатында қаламыздағы С.Асфендияров атындағы ЖББМ- нің мұғалімдеріне «Мектептегі «Lesson Study – сабақтағы іс-әрекеттегі зерттеудің ерекше түрі» атты тақырыпта коучинг өткізді.
Коучинг барысында іс-әрекеттегі зерттеуді ұйымдастыру, сыни ойлауды дамыту, критерийлік бағалау моделі,оқу-тәрбие жүйесіндегі маңызды әрекеттердің қаншалықты деңгейде жүзеге асырылып жатқандығын, тиімділігін атап көрсетіп, қалай жоспарлау керектігіне жан-жақты тоқталды.
@shahtinsk_obrazovanie