Сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз
♻️Лицейімізде өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен «Жемқорлыққа жол жоқ!» атты тақырыбында суреттер көрмесі өткізілді!
Бұл көрме жастарды адалдық пен әділдікке шақырып, сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін зиянын түсінуге көмектесуді мақсат етеді. Көрмеге қойылған әрбір сурет — әділеттілік пен парасаттылыққа деген ұмтылыстың көрінісі.
Осындай бастамалар арқылы біз болашаққа деген сенімді арттырып, таза қоғамды қалыптастыру жолында қадам жасаймыз!