«Ұстаз жолы» айдары

Құрметті оқырмандар!
«Еңбек - елдің мұраты», «Өнегелі өмір» жобасы аясында «Ұстаз жолы» айдарының бүгінгі кезекті қонақтары – мектебіміздің өнегелі Садуовтар ұстаздар әулеті. Бұл әулет өздерінің үздік еңбегімен және ұстаздық мамандыққа деген адалдықтарымен білім беру саласында ерекше орны бар. Садуовтар отбасының әр мүшесі білім беру мен тәрбиелеу ісінде жоғары жетістіктерге жетіп, мектепте ұрпақ тәрбиесіне зор үлес қосуда.