«Білім кітапта» жобасы

Лицейімізде «Білім кітапта» жобасы аясында Валентина Осееваның «Үш ұл» әңгімесі бойынша қойылымдар ұйымдастырылды. Оқушылар шығармашылық қабілеттерін паш етіп, өздері таңдап алған кейіпкерлерді өте жақсы сомдады.
Қойылым нәтижелері бойынша:
1-орын — 4 Б сыныбы
2-орын — 4 Г және 4 А сыныптары
3-орын — 4 В сыныбы
Барлық қатысушыларға алғыс білдіріп, жеңімпаздарды құттықтаймыз! Сіздер осы қойылым арқылы тек шығармашылықты ғана емес, сонымен қатар командалық жұмыс пен жауапкершілікті де көрсеттіңіздер.