
Өзін-өзі басқару ұйымының оқушыларының баяндамасы
Ә.Бөкейхан атындағы мектеп-лицейімізде «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында маңызды шара өтті! Өзін-өзі басқару ұйымының белсенді оқушылары 6-7 сынып оқушыларына сыбайлас жемқорлықтың алдын алу туралы баяндамаларын оқып, бұл мәселенің қоғамдағы маңыздылығын түсіндірді.
Шара барысында оқушыларымыз сыбайлас жемқорлықтың зияны, әділдік пен тазалықтың маңызы туралы кеңінен сөз қозғап, өз ойларын ортаға салды. Бұл – ел болашағы үшін өте маңызды тақырып! ????
Әрбіріміз әділ әрі парасатты болуға ұмтылып, сыбайлас жемқорлықпен күресуде өз үлесімізді қосуымыз керек!
@bilimshahtinsk
#біртұтас_тәрбие #gani_beisembayev