
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында лицейіміздің «Мейрім» атты еріктілер тобы қалалық балалар кітапханасына барды.
Оқушылар кітап оқу ережелерімен танысып, сондай-ақ кітапханаға қажет көмектер көрсетті. Олар жыртылған кітаптарды жөндеп, өз орындарына қайта қойып, кітапхана тәртібін сақтауға атсалысты.
Бұл іс-шара оқушыларымыздың жауапкершілігі мен қамқорлығын арттырып, кітапқа деген сүйіспеншілікті оятты. Әрдайым жақсы істерді бірге жасайық. ????
@bilimshahtinsk
#біртұтас_тәрбие #gani_beisembayev