
Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің “Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі” КММ-де орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша апталықтың екінші күні - «Сауат ашу күні» болып аталып өтті. Бұл күннің мақсаты – оқушылардың орфографиялық сауаттылығын арттыру, тілдік мәдениетін қалыптастыру және орыс тіліне деген қызығушылықты дамыту. Іс-шаралар оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай ұйымдастырылып, әр параллель бойынша мазмұнды әрі танымдық сипатта өтті:
2А сыныбында «Красная книга Казахстана» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Ашық сабақты мұғалім оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай ұйымдастырып, балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін, экологиялық білімін арттыруға бағыттады.
2–4 сыныптар арасында «Быть грамотным модно» атты диктант ұйымдастырылып, бастауыш буын оқушылары өз білімдерін, сауаттылық деңгейін көрсетті. Бұл іс-шара оқушылардың жазу мәдениетін дамытуға және сөздік қорын байытуға бағытталды.
5–7 сыныптар үшін «Занимательная орфография» атты парақтарды бояу (раскраски) түрінде өткен қызықты тапсырмалар балалардың орфографиялық нормаларды визуалды түрде қабылдауын жеңілдетіп, ережелерді есте сақтауына сеп болды.
8–9 сынып оқушылары «Битва за букву» атты тілдік чемпионатқа қатысып, орфографиялық білімдерін командалық жарыс түрінде сынға салды. Бұл сайыс оқушылардың жылдам ойлау, дұрыс жазу және топпен жұмыс жасау дағдыларын дамытуға бағытталды.
10–11 сыныптар арасында «О сложном просто» тақырыбында бейнероликтер байқауы ұйымдастырылды. Жоғары сынып оқушылары күрделі тілдік ережелерді қарапайым, креативті түрде түсіндіретін бейнематериалдар жасап, өздерінің шығармашылық қабілеттерін, ІТ сауаттылығын көрсете білді.
«Сауат ашу күні» – апталықтың ерекше әрі мазмұнды күні ретінде есте қалды. Оқушылар өз білімдерін шыңдап, тілдік сауаттылықтың маңызын тағы бір мәрте түсіне білді. Іс-шара соңында белсенді қатысушылар алғыс хаттармен, дипломдармен марапатталды.
@umckrg
@bilimshahtinsk
#біртұтас_тәрбие #gani_beisembayev