back-image
Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің "Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің "Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі" КММ
Ағылшын тілі пәні апталығының төртінші күні
24-04-2025 22:30
Ағылшын тілі пәні апталығының төртінші күні
Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің “Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі” КММ-де ағылшын тілі пәні апталығының төртінші күнінде “Advertising Day”– шығармашылық пен кітапқа деген сүйіспеншілікті жарнамалаған күн болды! Оқушылар өз қиялдарын, тіл байлығын, сөйлеу дағдыларын жетілдіріп, кітаптың құндылығын жеткізе білді.
3–4 сыныптар: «Selfie with a Favourite Book» жобасында оқушылар өздерінің сүйікті кітаптарымен суретке түсіп, кітап оқу – сән екенін көрсетті. Балалар оқуға деген ынтасын сурет арқылы білдірді.
 5–7 сыныптар: «A Book in My Life» тақырыбында оқушылар кітаптың өміріндегі рөлін сипаттап, әсерлі ойларымен бөлісті. Олар үшін кітап – сенімді дос, кеңесші, қиял әлеміне жолдама.
 8–9 сыныптар: «The Best Slogan for a Book» байқауында оқушылар ерекше ұрандар ойлап тауып, кітапты оқуға шақыратын креативті сөз тіркестерімен көзге түсті.
10–11 сыныптар: «Persuasive Book Review» жұмыстарында жастар өздері оқыған кітаптарды терең талдап, өзгелерді де шабыттандыра білді.
6 «Г» сынып (Ж.Б. Балмағанбет): «Transport» сабағында көлік түрлері, қоғамдық және жеке көліктер жайлы ақпараттармен танысты. Сабақ барысында топтық жұмыс,  сұрақ-жауап әдісі және белсенді оқыту әдістері қолданылды. Бұл әдістер оқушылардың коммуникативтік дағдыларын арттыруға ықпал етті.
3 «В» сынып (Ә.Г. Нұрланқызы): Балалар түрлі суреттер, постер және интерактивті тапсырмалар арқылы ағылшын тіліндегі сөздер мен сөйлем құрылымдарын үйренді. Сабақта ойын элементтері, көрнекілік әдістері қолданылды. Балалар қызығушылықпен қатысып, өз ойларын еркін жеткізе білді.
 
Жарнама күні-кітапқа деген сүйіспеншілікті арттырып, оқушыларды ағылшын тілінде еркін ой білдіруге шабыттандырды.
Новости