Қалалық Мағжан оқуы

24 сәуір күні қалалық жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында «Мағжан оқулары» атты конкурсы болып өтті. Мектеп-лицейімізден қатысқан 3 оқушымыз да жүлделі орынға ие болды. Атап айтсақ,
« Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім» номинация бойынша 8- сынып оқушысы Есенбаева Айгерим 1-орын, жетекшісі А.С.Каржасова, «Жасынан оқу оқып, өнер қуған...» номинация бойынша Баикен Асылхан 1-орын , жетекшісі У.Т.Жолшибекова, «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» номинациясынан Хайратұлы Нұртілек 1-орын, жетекшісі М.К.Кузембаева. Оқушыларымызға облыстық кезеңге сәттілік тілейміз.