“English Time” жобасы

Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің “Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі” КММ-де 2025 жылдың IV тоқсанның 13 - мамырында мектеп Парламентінің оқушылары арасында “English Time” жобасы өтті.
❇️ Сайыс оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыру, сөйлеу және ойлау дағдыларын дамыту, сондай-ақ елтану бағытында білімін кеңейту мақсатында ұйымдастырылды.
❇️Іс-шара барысында оқушылар топқа бөлініп:
– Ұлыбритания туралы сұрақтарға жауап берді,
– ағылшын тіліндегі сөздік қорын қолдана отырып тапсырмалар орындады,
– логикалық ойындарға қатысып, шапшаңдықтарын көрсетті.
Сайыстың әр кезеңі оқушылардың білімін, зейінділігін, креативтілігін және топпен жұмыс істеу қабілетін шыңдауға бағытталды.
❇️ Сайыс нәтижесінде қатысқан топтар мақтау қағаздарымен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Шара жоғары деңгейде, достық әрі шығармашылық атмосферада өтті.
Барлық қатысушыларға, әділқазыларға және ұйымдастырушыларға алғыс білдіреміз!