back-image
Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің Сәкен Сейфуллин атындағы мектеп-гимназиясы" КММ
Организации> Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің Сәкен Сейфуллин атындағы мектеп-гимназиясы" КММ
Құрметті болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналары.
21-07-2022 14:33
Құрметті болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналары.
Өздеріңіз білетіндей, 2020 жылы балаларды мектепке қабылдау ережелеріне Министрлік өзгерістер енгізді. Енді 1 сыныпқа құжаттарды қабылдау жыл сайын 1 сәуір мен 1 тамыз аралығында өтеді.
1 сыныпқа 6 жастағы балалар қабылданады. Сонымен қатар, 31 желтоқсанға дейін алты жасқа толған балалар да бірінші сыныпқа бара алады.
 
Азаматтарға ыңғайлы болуы үшін қызмет толықтай автоматтандырылған және eGOV.kz порталы арқылы көрсетіледі.
 
Қандай құжаттар қажет?
• Ата-ананың өтініші (электронды түрде қалыптасады)
• Туу туралы куәлік (электронды түрде қалыптасады)
• Баланың денсаулық паспорты (026/у-3 нысаны)
• Егу паспорты (065/у нысаны)
• Баланың суреті (3*4 өлшемді)
 
Балаларды мектепке қабылдау ережелері туралы барлық сұрақтар бойынша Шахтинск қаласының білім бөлімінің 6-48-91 нөміріне хабарласып, әлеуметтік желілер мен БАҚ арқылы өзекті ақпаратты білуге болады.
 
Біздің болжамымыз бойынша, биыл бірінші сыныпқа 765 бала барады. Бүгінгі күні 1 сыныпқа 698 бала қабылданса, 67 бос орын бар екенін хабарлаймыз. Бос орындар бар мектептер:
№ 2 ЖББМ - 6 орын
№ 4 ЖББМ – 6 орын
№ 5 МГ – 8 орын
№ 6 ЖББМ – 13 орын
№ 7 ЖББМ – 4 орын
№ 8 ЖББМ – 8 орын
№ 9 ЖББМ – 9 орын
№ 11 ЖББМ – 10 орын
№ 12 ЖББМ – 3 орын.
 
Бірінші сыныпқа оқушыларды қабылдау 1 тамызда аяқталатынын мәлімдейді.
Новости