back-image
Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің Сәкен Сейфуллин атындағы мектеп-гимназиясы" КММ
Организации> Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің Сәкен Сейфуллин атындағы мектеп-гимназиясы" КММ
Сайлаушылар тізімінде өзіңді тексер!
05-10-2022 21:34
Сайлаушылар тізімінде өзіңді тексер!
Сайлаушылар тізімінде өзіңіздің бар-жоғыңызды қалай тексеруге болады
Қарағанды облысының тұрғындарын сайлаушылар тізімінен өздерін тексеруге шақырады. Мұны әртүрлі тәсілдермен жасауға болады – интернетте немесе Senim109 бірыңғай диспетчерлік қызметіне жүгіну арқылы.
Сонымен қатар sailau09.kz арнайы сайты жұмыс істейті, онда әрбір пайдаланушы ЖСН немесе жеке куәлік нөмірі арқылы өз учаскесін таба алады. Сондай-ақ, барлық қала мен аудан әкімдіктерінің сайттарында "Сайлаушылар тізімінде өзіңді тексер" қосымша бөлімі қолжетімді.
Интернетке қосылу проблемалары бар адамдар 109 нөміріне қоңырау шала алады. Тек өзіңіздің ЖСН номеріңізді жазу қажет болады. Senim операторлары сайлау процедурасы бойынша жеке сұрақтарға жауап береді: мысалы, басқа қалада, ауруханада, вахтада және т. б. қалай дауыс беруге болатынына қатысты.
Сондай-ақ, барлық қалалар мен аудандардың әкімдіктерінде Call-орталықтар, сайлаушылар тізімінде азаматтарды тексеру үшін жедел желілер құрылды. Жергілікті атқарушы органның қызметкерлері өтініштерді қабылдап, мәселелерді жедел шешетін болады. Call-орталықтар мен жедел желі нөмірлері әкімдіктердің сайттарында жарияланған.
Алдын ала мәліметтер бойынша, облыста 761 мыңға жуық сайлаушы тіркелген, олардың 13 мыңы алғаш рет дауыс бергелі отыр.
Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы 2022 жылғы 20 қарашада өтеді.
Новости