2025 жылғы 26 қарашада «№ 6 жалпы білім беретін мектеп» КММ-де Шахтинск қалалық Полиция бөлімі Жергілікті полиция қызметі кәмелетке толмағандар істері жөніндегі аға инспекторы, полиция капитаны Н.К. Шарипова Шахтинск қалалық прокуратурасының өкілдерімен бірлесіп, 8-сынып оқушыларымен профилактикалық әңгіме жүргізді.
Кездесу барысында жасөспірімдерге әкімшілік және қылмыстық құқық нормалары мынадай тақырыптар аясында қолжетімді түрде түсіндірілді:
-
«Егер... не болады?»
-
«Өз құқығыңды қалай қорғауға болады?»
-
«Жасөспірімдер арасындағы буллингтің алдын алу»
-
«Жасөспірімдер арасындағы нашақорлықтың алдын алу»



