back-image
"Санжар Асфендияров атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
Организации> "Санжар Асфендияров атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
Жаңа оқу жылына дайындық аясында әртүрлі санаттағы отбасылардан шыққан балаларға материалдық көмек көрсету жұмыстары басталды
13-07-2023 13:25
Жаңа оқу жылына дайындық аясында әртүрлі санаттағы отбасылардан шыққан балаларға материалдық көмек көрсету жұмыстары басталды
Жаңа оқу жылына дайындық аясында әртүрлі санаттағы отбасылардан шыққан балаларға материалдық көмек көрсету жұмыстары басталды. 
         «Жалпыға бірдей білім беру қорының» қаражаты есебінен материалдық көмек мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға; жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан балаларға; жетім балаларға және отбасыларда тұратын ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға; ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға; Төтенше жағдайлар нәтижесінде шұғыл көмекті талап ететін отбасылар; білім беру ұйымының алқалы органы (мектептің қамқоршылық кеңесі) айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына.
Көмек ата-аналардың карточкалық шотына ақша аудару арқылы көрсетіледі. Биыл ақшалай көмек мөлшері 40567 теңгені құрайды. 
           Материалдық көмек алу үшін ата-ана немесе заңды өкіл санатты растауға электрондық үкімет порталы арқылы не тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығына өтініш береді. АӘК алмайтын отбасылардың жан басына шаққандағы орташа табысын есептеу механизмі АӘК алушылардың механизміне ұқсас. АӘК алудан бас тартқан кезде отбасының табысы есептеледі және тиісті ақпараттық жүйеде автоматты түрде көрсетіледі. Санатты растау 15 күн ішінде қаралады. 
          Қаражаттың мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз ету үшін ата-аналар мектеп керек-жарақтарын алғаннан кейін 15 күн ішінде сатып алу туралы есеп беруі керек. Шығындарды растау үшін чектер, түбіртектер және фотосуреттер қажет.
           2023 жылғы 28 шілдеде мектептер «Жалпыға бірдей білім беру қорының» қаражаты есебінен көмек алушылардың тізімін бекітеді.  
            Осыған байланысты сіз бала оқитын мектепке барып, деректеріңізді жаңартып және «Жалпыға бірдей білім беру қорының» қаражаты есебінен көмек алуға өтініш беруіңіз керек. 
            Барлық сұрақтар бойынша мына телефонға хабарласуға болады: 872156 (6-48-91).
Новости