back-image
Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің "№4 жалпы білім беретін мектебі " КММ
Организации> Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің "№4 жалпы білім беретін мектебі " КММ
Азаматтық қызметшілердің бос лауазымдарына орналасуға конкурс туралы хабарландыру
10-08-2022 20:15

 

Азаматтық қызметшілердің бос лауазымдарына

орналасуға конкурс туралы хабарландыру

 

1)  көрсетілген конкурс өткізетін ұйымның атауы, пошталық мекенжайлары, телефон және факс нөмірлері, электрондық пошта мекенжайлары: 

Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің «№ 4 жалпы білім беретін мектебі» КММ:

Заңды мекенжайы-Қарағанды облысы, Шахтинск қаласы, Долинка кенті, Парковая көшесі, 24Б ғимараты, анықтама үшін телефон, факс 8(72156) 58217, E-mail: sh_osh_4@mail.ru азаматтық қызметшілердің бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды

   2) негізгі функционалдық міндеттері, еңбекке ақы төлеу мөлшері мен шарттары көрсетілген бос лауазымдар атауы:

1.Бастауыш сынып мұғалімі -1 педагог

2.Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі-1 педагог

3.Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі-1 педагог

4.Шет тілі мұғалімі-1 педагог

5. Математика мұғалімі-1 педагог

6. Тарих мұғалімі-1 педагог

7. Дене шынықтыру мұғалімі-1 педагог

8. Бастапқы әскери және технологиялық даярлықты ұйымдастырушы - Педагог – 1 педагог

9. Әлеуметтік педагог-1 педагог

10. Педагог-кәсіби бағдар беруші-1 педагог

11. Мұражай ісі бойынша ұйымдастырушы-Педагог – 1 педагог

12. Дебаттық қозғалыс бойынша ұйымдастырушы- 1педагог

2.1. Функционалдық міндеттері

Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, оқушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады.     

      Білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын қолданады.

      Кәсіби құзыреттілікті, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті арттырады. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау ережелерін орындайды.

      Білім беру процесі кезінде оқушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді.

      Ата-аналармен немесе оларды алмастыратын адамдармен ынтымақтастықты жүзеге асырады.

      Жабдықты пайдалану кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша талаптарды орындайды.

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, оқушылар арасында академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.

2.2.Размер заработной платыЕңбек ақының мөлшері

Буын, саты

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

В2-1

144629 тг

167546 тг

В2-2

135957 тг

161042 тг

В2-3

135028 тг

159803 тг

В2-4

126976 тг

146486 тг

В3-1

127905 тг

147106тг

В3-2

119234 тг

139674тг

В3-3

118304 тг

139364 тг

В3-4

109014 тг

129763 тг

В4-1

122330 тг

139983 тг

В4-2

115517 тг

135957 тг

В4-3

113659 тг

132860 тг

В4-4

102819 тг

115517 тг

 

2.3. Еңбекке ақы төлеу шарттары

Айлық жалақының мөлшері жыл сайынғы тарифтеу тізімімен айқындалады.

3) біліктілік талаптарына сәйкес конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар:

- тиісті бейіні бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат, жұмыс стажына талап қойылмайды

-ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педагог-модератордың (педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің) біліктілік санатының болуы туралы куәлік.

      Білуге тиіс:

* Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік медициналық-педагогикалық және түзеу арқылы қолдау туралы» Заңдарын, Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын және білім берудің бағыттарын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілерді қамтиды және білім беруді дамыту перспективалары;

* оқу пәнінің мазмұны, оқу-тәрбие процесі, оқыту және бағалау әдістемесі;

* педагогика және психология;

* пәнді оқыту әдістемесі, тәрбие жұмысы, оқыту құралдары және олардың дидактикалық мүмкіндіктері;

* педагогикалық этика нормалары;

* оқу кабинеттері мен қосалқы үй-жайларды жабдықтауға қойылатын талаптар;

* құқық негіздері және еңбекті, экономиканы ғылыми ұйымдастыру;

* еңбек заңнамасының негіздері;

* еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелері;

* өрттен қорғау ережелері;

* санитарлық ережелер мен нормалар;

* терроризмге қарсы қауіпсіздік шаралары.

4) құжаттарды қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі:

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің «№ 4 жалпы білім беретін мектебі» КММ (Instagram – 4_school_dolinka).әлеуметтік желілердің ресми аккаунтында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде (2022 жылғы «10»тамыздан бастап 2022 жылғы «17» тамызын қоса алғанда) ұсынылуы тиіс  

5) конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1)"Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 19 қарашадағы № 568 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 22 қарашадағы № 432 бұйрығына 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы " 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57, орта білімнен кейінгі білім беру және мектепке дейінгі, орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшылары лауазымына конкурстық тағайындау"мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

  2)жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

    3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – Бар болса);

     4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері; ;

      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

      6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;;

      7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

      8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;

     9) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (пәннің мазмұны 35 балдан төмен емес; педагогика, әдістеме 15 балдан төмен емес)немесе педагог-модератордың (педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің) біліктілік санатының болуы туралы куәлік;

      10)"Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 19 қарашадағы № 568 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 22 қарашадағы № 432 бұйрығына 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы; 2012 жылғы ақпан № 57 "мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы", орта білімнен кейінгі білім беру және мектепке дейінгі, орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшылары лауазымына конкурстық тағайындау"мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

 

Кандидат болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік Жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

6)құжаттарды ұсыну орны, байланыс телефоны және конкурс өткізуді ұйымдастыруға жауапты тұлға:

Қарағанды облысы білім басқармасы Шахтинск қаласы білім бөлімінің «№ 4 жалпы білім беретін мектебі» КММ: заңды мекенжайы-Қарағанды облысы, Шахтинск қаласы, Долинка кенті, Парковая көшесі, 24Б ғимарат, анықтама үшін телефон, факс 8(72156) 58217, E-mail: sh_osh_4@mail.ru

Құжаттарды қабылдауға жауапты тұлға: конкурстық комиссияның хатшысы Семенова Христина Райнгольдовна

 

 

 

 

 

 

Новости