Халықаралық «Компьютерлік ғылымдар апталығы» аясында 5-11 желтоқсан аралығында Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің «№ 4 жалпы білім беретін мектебі» КММ 3-11 сынып оқушылары STEM білім беруді дамытуға бағытталған «Қазақстандағы код сағаты» акциясына қатысты. Бұл акция информатика сабақтарында өткізілді.
"Код сағатының" мақсаты-бағдарламалау негіздері туралы айту, балаларды жасанды интеллектке қызықтыру және оларды IT және STEM салаларындағы болашақ жетістіктерге шабыттандыру.
Код сағатының міндеті-қатысушыларды бағдарламалаумен қарапайым және қызықты түрде таныстыру және оларға нақты ғылымдарға қызығушылық таныту.
3-11 сынып оқушылары осы акцияға қызығушылықпен қатысты.
@umckrg
@shahtinsk_obrazovanie
@hourofcode.kz
@studycs.kz
@step_to_english