«Компьютерлік ғылымдар апталығы» аясында 4-10 желтоқсан аралығында Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің «№ 4 жалпы білім беретін мектебі» КММ 3-11 сынып оқушылары STEM білім беруді дамытуға бағытталған «Қазақстандағы код сағаты» акциясына қатысады. Бұл акция информатика сабақтарында өткізіледі.
“Код сағатының” мақсаты-бағдарламалау негіздері туралы айту, балаларды жасанды интеллектке қызықтыру және оларды IT және STEM салаларындағы болашақ жетістіктерге шабыттандыру.
Код сағатының міндеті-қатысушыларды бағдарламалаумен қарапайым және қызықты түрде таныстыру және оларға нақты ғылымдарға қызығушылық таныту.«Код сағатын «информатика және цифрлық сауатталық сабақтарында мұғалім Д.М. Есмағамбетова өткізеді. «Қазақстандағы Код сағаты» акциясын өткізу аптасының қорытындысы бойынша қатысқан 303 оқушы.