back-image
ҚОББ Шахтинск қаласы білім бөлімінің "№12 жалпы білім беретін мектебі"КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> ҚОББ Шахтинск қаласы білім бөлімінің "№12 жалпы білім беретін мектебі"КММ
Құрметті бірінші сынып оқушыларының ата-аналары!
08-07-2022 19:23
Құрметті бірінші сынып оқушыларының ата-аналары!
Құрметті болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналары.
 
Өздеріңіз білетіндей, 2020 жылы балаларды мектепке қабылдау ережелеріне Министрлік өзгерістер енгізді. Енді 1 сыныпқа құжаттарды қабылдау жыл сайын 1 сәуір мен 1 тамыз аралығында өтеді.
1 сыныпқа 6 жастағы балалар қабылданады. Сонымен қатар, 31 желтоқсанға дейін алты жасқа толған балалар да бірінші сыныпқа бара алады.
 
Азаматтарға ыңғайлы болуы үшін қызмет толықтай автоматтандырылған және eGOV.kz порталы арқылы көрсетіледі.
 
Қандай құжаттар қажет?
• Ата-ананың өтініші (электронды түрде қалыптасады)
• Туу туралы куәлік (электронды түрде қалыптасады)
• Баланың денсаулық паспорты (026/у-3 нысаны)
• Егу паспорты (065/у нысаны)
• Баланың суреті (3*4 өлшемді)
 
Балаларды мектепке қабылдау ережелері туралы барлық сұрақтар бойынша Шахтинск қаласының білім бөлімінің 6-48-91 нөміріне хабарласып, әлеуметтік желілер мен БАҚ арқылы өзекті ақпаратты білуге болады.
 
Біздің болжамымыз бойынша, биыл бірінші сыныпқа 800 бала барады. Бүгінгі күні 1 сыныпқа 664 бала қабылданса, 136 бос орын бар екенін хабарлаймыз. Бос орындар бар мектептер:
№ 2 ЖББМ - 18 орын
№ 3 ЖББМ - 29 орын
№ 4 ЖББМ – 8 орын
№ 5 МГ – 15 орын
№ 6 ЖББМ – 16 орын
№ 7 ЖББМ – 6 орын
№ 8 ЖББМ – 13 орын
№ 9 ЖББМ – 9 орын
№ 11 ЖББМ – 19 орын
№ 12 ЖББМ – 3 орын.
Новости