
16-20 қаңтар аралығында “ХХІ ғасыр- сауатты ұрпақ ғасыры!” оқу сауаттылығы апталығы өткізілді. Апталықтың бірінші күні мектепішілік жоспар құрылып, 1-11 сыныптар аралығында “ Мен елімнің ертеңімін” тақырыбында сынып сағаттары мен саптық жиын ұйымдастырылды. 17 қаңтарда 1-7 сынып оқушылары “Кітап оқу - рухани кемелденудің көзі” тақырыбында бестік диктант, 8-11 сыныптар “Ұлттық құндылықтар- тәрбиенің түп қазығы” тақырыбында эссе жазды. 18 қаңтарда мектеп кітапханашысы кітап алмастыру акциясы бойынша буккросинг ұйымдастырды. Орыс тілі пәні бойынша 4- сыныпта “Знатоки русского языка”,6- сыныпта “Турнир знатоков” тақырыбында интеллектуалды ойындар өткізілді.