back-image
ҚОББ Шахтинск қаласы білім бөлімінің "№12 жалпы білім беретін мектебі"КММ
Организации> ҚОББ Шахтинск қаласы білім бөлімінің "№12 жалпы білім беретін мектебі"КММ
Ақпараттық сауаттылықты дамыту апталығы
10-02-2023 13:22
Ақпараттық сауаттылықты дамыту апталығы

2023 жылдың 6 – 10 ақпан аралығында «Информатика» пәні бойынша ақпараттық мәдениетке танымдық қызығушылықты қалыптастыру, білімді жинақтау және жүйелеу мақсатында «Цифрлық әлем» компьютерлік және ақпараттық сауаттылық апталығы өтті. 6 ақпан, яғни апталықтың бірінші күні   2 – 11 сыныптарда «Интернет туралы таңғажайып фактілер»тақырыбында сынып сағаттар өткізілді, сонымен бірге оқушылар QR кодпен дайындалған тапсырмаларды (логикалық сұрақтар мен ребустар) орындап, дүниежүзілік қауіпсіз интернет күнін мерекелеудің тарихы мен дәстүрлерімен танысты.  Апталық барысында 1- 4 сыныптарда "Компьютерлік сурет" байқауы, 5-7 сыныптарда "Пернетақта" жарысы, Көңілді информатика викторинасы", Информатика еліне саяхат", 9-11 сыныптарда "Инфобатл" тақырыптарында әртүрлі  іс-шаралар, зияткерлік ойындар өткізілді.   Апталықта өткізілген   іс шараларға    оқушылар белсене қатысып, өздерінің ақпараттық сауаттылықтарын көрсетті, байқау соңында  оқушылар мақтау қағаздарымен, сыйлықтармен марапатталды

 

 

Новости