back-image
ҚОББ Шахтинск қаласы білім бөлімінің "№12 жалпы білім беретін мектебі"КММ
Организации> ҚОББ Шахтинск қаласы білім бөлімінің "№12 жалпы білім беретін мектебі"КММ
Құқықтық сауаттылық апталығы
17-02-2023 14:51
Құқықтық сауаттылық апталығы
2023 жылдың 13-17 ақпан аралығында «Құқықтық навигатор»  құқықтық сауаттылық апталығы өткізілді. Іс- шараның мақсаты:  шыншыл, әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыру. 13 ақпан күні, яғни, апталықтың бірінші күні 2-11 сыныптарда   "Балалар құқығы әлемі" ,  "Жасөспірім және заң", "Оқушылардың мінез-құлық ережелері" тақырыптарында сынып сағаттары өткізілді. 14 ақпан күні 5-6 сыныптарда "Мен өз құқығым туралы не білемін?" викториналық ойындар, 9-11 сыныптарда "Егерде мен президент болсам?", "Құқығым бар және міндеттерімді ұмытпаса" тақырыптарында эссе байқауы ұйымдастырылды.15 ақпан күні 5 сынып оқушылары "Мемлекеттік рәміздер" тест тапсырмасын орындап, "Оқушының құқықтары мен міндеттері" тақырыбы аясында кітап көрмесі өткізілді. Аптаның соңғы күні бастауыш сыныптар "Денискин әңгімелері", "Үйге жол" фильмдерін тамашалап, 9-10 сыныптарда пән мұғалімі М.Байымбетова "Толеранттылық-бейбітшілікке апарар жол" тақырыбында баяндама оқыды, оқушылардың тақырып төңірегінде  қойған сұрақтарына жауап берді, сонымен қатар "Отбасындағы баланың құқығы" тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді.
Новости