«Подключение освещения, датчик движения, фотореле» тақырыбындағы шеберлік сағаты
2025 жылғы 6 ақпанда 8-сынып оқушылары Қошкимбекова Альбина, Батыров Айдын, Серік Нұрсұлтан «Подключение освещения, датчик движения, фотореле» тақырыбындағы шеберлік сағатына қатысты. Іс-шара барысында оқушылар жарықтандыру жүйесін қосу, қозғалыс датчигі мен фотореленің жұмыс істеу принциптері туралы мағлұмат алды. Олар теориялық білімдерін практикада қолданып, электр құрылғыларын дұрыс орнату және пайдалану тәсілдерін үйренді.