back-image
КГКП «Ясли-сад «Таңшолпан»

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГКП «Ясли-сад «Таңшолпан»
«Тілім менің – тірегім»
23-01-2024 22:49
«Тілім менің – тірегім»

Қазақ тілі апталығы  2023 жылдың 12 желтоқсан күні «Ана тілім - дана тілім» айдарында ортаңғы, ересек, мектепалды топтарында «Киіз үй – қазақтардың негізгі баспанасы» ұйымдастырылған іс-әрекет өткізілуімен жалғасын тапты. Қазақ балалар әдебиетінің жазушыларымен таныстыру мақсатында «Кітап-өмір ұстазы» атты кітап бұрышы ұйымдастырылды, жазушылар туралы мағлұмат берілді. Қазақ тілі кабинетінде ересек және мектепалды топтарының тәрбиеленушілеріне «Тілім менің – тірегім» атты презентация көрсетіліп, ортаңғы және ересек топтарының тәрбиеленушілерімен «Тілім – тірегім, соғып тұрған жүрегім» мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. Тәрбиешілермен «Тәрбие басы – тіл» шығармашылық сайыс өтті. Ертегілерге қызығушылығы мен сүйіспеншілігін арттыру мақсатында барлық жастағы топтарда «Менің сүйікті ертегілерім» атты QR-кодпен ертегілер көрмесі ұйымдастырылды. Спорт залында тәрбиеленушілермен қазақтың ұлттық ойындары ойнатылды.

Новости