2023 жылғы 14 желтоқсан күні «Тілім менің, тірлігімнің айғағы» айдарында мектеп жасына дейінгі балалардың кітапқа деген қызығушылығы мен сүйіспеншілігін арттыру, көркем әдебиетті оқуға баулу мақсатында барлық жастағы топтарда «Тіл- әр халықтың байлығы» атты кітаптар көрмесі ұйымдастырылды. Тәрбиеленушілерге кітап туралы жұмбақтар жасырылып, қысқаша мағлұматтар берілді. Ұлттық тәрбие, нағыз қазақы тәлім-тәрбиенің өзегі әжелер ертегілерінен бастау алады. Бүгінгі таңда әжелеріміз айтқан ертегілер арқылы тәрбиеленген бала әдепті болып өседі. «Әжемнің ертегісі» іс-шарасына әжелеріміз белсенді ат салысты. Мектепалды топ балалары арасында «Сөз мәйегі – мақал-мәтел» сайысы өтті. Сайыстың қорытындысы бойынша жеңімпаз балалар марапатталды.
«Тілім менің, тірлігімнің айғағы»