Мектеп жасына дейінгі баланы дамытудың көптеген жолдары бар, бірақ зерттеу іс-әрекеті ең тиімділерінің бірі болып табылады. Кішкентай зерттеуші тәрбиешіден және ата-анадан қолдау тапса, ол ересек зерттеушіге айналады - ақылды, байқампаз, өз бетінше қорытынды жасай алатын және логикалық ойлай алатын, өмір бойы өзін қоршаған әлемнен қызықты және әдеттен тыс нәрсені таба алатын, айналасындағылардың бәріне таңданып қуанатын болады.
«Бәрін білгім келеді!» табиғи-танымдық сауаттылық апталығы. «Таңшолпан» бөбекжайы» коммуналдық қазыналық кәсіпорнында балалардың зерттеушілік дағдыларын дамытуға үлес қосты.