Адамның табиғатпен қарым-қатынасы қазіргі заманның өте өзекті мәселесі болып табылады. Мектеп жасына дейінгі балалар, егер білім қолжетімді, қызықты түрде берілсе және баланың табиғат құбылыстарына қызығушылығы ескерілсе, экологиялық білім кешенін көп күш жұмсамай-ақ меңгереді.
«Таңшолпан» бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнында «Экологиялық күнтізбе» экологиялық сауаттылық апталығы әр түрлі іс-шаралар арқылы балалардың табиғатқа ұқыпты және шығармашылықпен қарау қажеттілігі туралы түсініктерін қалыптастыруға ықпал етті.