2024 жылдың 06 қараша күні Абай ауданының «Сапалы білім баршаға қолжетімді» Ұлттық баяндамасын жүзеге асыру бойынша жол картасын іске асыру аясында «Таңшолпан» бөбекжайы» КМҚК құзыреттілік Орталығында «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту – бастауыш буын білім берудің үздіксіз жүйесі» атты тақырыпта аудандық семинар өтті. Семинарда «Таңшолпан» бөбекжайы» КМҚК құзыреттілік Орталығына енген Абай ауданының 9 білім беру ұйымы қатысты. Өсу Нүктелері: «Еркетай» бөбекжайы» КМҚК, «Балдәурен» бөбекжайы» КМҚК, Қ.Аманжолов атындағы ЖББМ КММ жанындағы «Балдырған» шағын орталығы, «№9 жалпы білім беретін мектебі» КММ жанындағы шағын орталық. Тиімді жұмыс режиміне ауысқан балабақшалар: № 8 негізгі орта мектебі, Юбилейный ЖББМ КММ.
Бөбекжай-балабақша және мектеп-гимназия арасын үйлестіру бойынша жұмыс аясына «А.Байтұрсынұлы атындағы мектеп-гимназия» КММ бастауыш буынының педагогтері қатысты.
Семинар қатысушыларына «Шығармашылық шеберханалар» ұйымдастырылды, онда «Таңшолпан» бөбекжайы» КМҚК педагогтері өз жұмыс тәжірибелерімен бөлісті. «Екі жұлдыз – бір тілек» рефлексиясы «Таңшолпан» бөбекжайы» КМҚК педагогикалық ұжымының жұмысын бағалауға мүмкіндік берді. Семинар қатысушылары білім беру үрдісінің әрбір қатысушысына бірдей мүмкіндіктер беретін шығармашылық, дамытушылық ортаны атап өтті.