«Таңшолпан» бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнында «Мектеп жасына дейінгі балалардың экологиялық мәдениетінің негіздерін қалыптастыру» тақырыбында педагогикалық кеңес өтті.
Бірінші сұрақ бойынша С.Б. Жақсылықова Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы және оның балабақшада жүзеге асырылуы туралы айтты.
Тәрбиешілер Т.В.Шевченко, Е.К.Вдовина, М.В.Кашапова балалардың арасында экологиялық мәдениет негіздерін қалыптастыру бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті.
Педагогогикалық кеңесін дайындау және өткізу кезіндегі барлық материалдар мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына ұсынылған идеяларға негізделген. Берілген ақпарат ерекше құнды болды. Әрбір презентация мәнді, тәжірибеге бағытталған, жаңа педагогикалық технологияларға, инновациялық әдістерге негізделген, әр баланың жеке психологиялық және физиологиялық ерекшеліктері ескеріліп, денсаулық сақтау технологиялары қолданылды.