back-image
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АБАЙ АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ "АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ АТЫНДАҒЫ №5 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Организации> ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АБАЙ АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ "АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ АТЫНДАҒЫ №5 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Жастар есірткісіз өмірді қолдайды
01-12-2022 14:49
Жастар есірткісіз өмірді қолдайды

«Жастар есірткісіз өмірді қолдайды» КТА сайысыМақсаты: Есірткі тұқымдас «Вейп» «Бір реттік темекі» «Электронды темекі» сияқты препараттардың ағзаға кері әсері туралы және олардан туындайтын ауру түрлерін айту. Салауатты өмір салтын қалыптастыру, жат қылықтан аулақ болуға тәрбиелеу30.11.2022 жылы Абай Құнанбаев атындағы №5 мектеп-гимназиясында бүкіләлемдік ЖИТС-пен күрес күніне қарсы «Жастар есірткіз өмірді қолдайды» тақырыбында 8-10 сыныптар арасында көңілді тапқырлар алаңы сайысы өтті. Сайыс «Сәлемдесу» және «Үй тапсырмасы» кезеңдерінен тұрды. Әр кезеңде аталған командалар өз өнерлерін ортаға салып, жоғары деңгейдегі ойын көрсетті. Әсіресе жастар арасында кең көлем алып отырған электронды темекі жайлы өткір ойлар айтып, астарлы әзілмен жеткізе білді. Әділ қазылар алқасы командаларға тақырыптың ашылуы, ойынның жүйелілігі бойынша бағалар беріп отырды. Үздік деп танылған командалар марапатталып, үздік ойыншы анықталды. Қойылған бағалар бойынша жүлделі орындар төмендегідей:

Жүлделі ІІІ орын: 8 «Б» сынып

Жүлделі ІІ орын: 9 «Ә» сынып

Жүлделі І орын: 8 «Ә» сынып
Гран при: 8 «А» сынып
Үздік ойыншы: Маркс Сұлтан 8 «Ә» сынып
Жүлделі орын иеленген командалар дипломдармен марапатталып, гран-при иеленген командаға КТА кубогы табыс етілді.

Новости